WordPress .kz & .kg мәселесі: ff +vidalia + torbutton = шешім

ff5 +vidalia + torbutton = шешім

Jun 25

WP Blocked in Kazakhstan and Kyrgyzstan

Here’s an update on WordPress woes in Kazakhstan and Kyrgyzstan. As far as I know we’ve had no contact with KazakhTelecom. Typically this happens when they don’t like something a blog is saying, so they block or degrade service for everybody. The footer of the site links to Global Voices Anonymous Blogging with WordPress and Tor guide, which is still excellent all these years later.

Matt Mullenweg

Тәржімесі

Қазақстан мен Қырғызстанда WordPress құрсауланған

Мына жерде Қазақстан мен Қырғызстанда WordPress бәлеге ұшырағаны туралы жаңалалық бар. Білгенімше, Қазақтелеком бізбен байланысқан жоқ. Әдеттегі оқиға кейбір блогта бірдеме айтқаны оларға ұнамай қалғанда болады, сонымен олар қызметті құрсаулайды немесе әркімге болса да азғындайды. Тораптың төлесінде Ғалам Даустарының «WordPress пен Tor арқылы қолқоюсыз блогтау» нұсқауына сілтеме бар, бұл жылдар бойы тамаша болып тұр.

Мәтт Мүленуег

Әлгі «бәледен» айналып өту үшін бір жола қадам бар:

  1. Бұрыннан орнатылмаған болса, Қазақ тіліндегі Firefox шолғышын қотарып алып орнатыңыз;
  2. Мына қор көзінен Tor жобасы: Қолқоюсыздық – желіде Vidalia Bundle деген бағдарламалық дестесін қотарып алып орнатыңыз;
  3. Vidalia бағдарламасын іске қосыныз, кейін Firefox шолғышын жегіңіз де TorButton жобасының 2-ші тармақта келтірілген торапта орналасқан мекенжайына барыңыз;
  4. Жоғарыдағы келтірген беттен ең соңғы нобайын қотарып алыңыз да, Firefox шолғышында орнатыңыз;
  5. Vidalia мен Firefox қолданбаларын қайта жегу керек болуы мүмкін. Жегілгесімен Firefox шолғышында жоғарғы сол жақта қызылмен сызылған пияз басы бар жаңа түймешік пайда болады. Соны нұқыңыз да, қызылы кетеді, жасыл пияз басы болады. Енді Мекенжайлық жолақта керек мекеннжайыңызды енгізңіз.
  6. Рахаттаныңыз!

P.S. Мына Анонимные блоги с WordPress и Tor нұсқауын оқып шығуыңыз артық болмас.

Advertisements